1. Дұрыс сақтау
Әрбір бұйымды бөлек жұмсақ матамен оралған қорапта сақтаңыз. Шынжырлар бір-біріне оралмауы керек.
2. Химиялық заттардан қорғау
Парфюм, лак, кір жуғыш ұнтақтармен жанасудан аулақ болыңыз. Олар алтынды күңгірттеуі мүмкін.
3. Дұрыс жуу
Жылы суға бір тамшы жұмсақ сабын қосып, жұмсақ щёткамен ақырын сүртіңіз. Содан соң таза суға шайып, жұмсақ матамен құрғатыңыз.
4. Спорт алдында шешу
Жаттығу, жүзу, ауыр жұмыс кезінде сақинаны шешіңіз. Тас зақымдалуы мүмкін.
5. Жылдық тексеру
Бір жылда бір рет ювелирге апарып тастардың бекітілуін, замокты тексерту дұрыс.
6. Бөлек сақтау
Алтынды күміспен немесе басқа металдармен бір қорапта сақтамаңыз — олар бір-біріне сызат түсіруі мүмкін.
7. Кәсіби тазалау
3-6 ай сайын бұйымды ультрадыбыстық тазалаудан өткізсеңіз — қайтадан жаңадай жарқырайды. Diamond Shine салонында бұл қызмет тегін.



